Ақсу қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің әкімшілігі мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық жоспарына сәйкес болашақ 1-сынып оқушыларын мектеп өмірімен таныстырды. Іс-шара барысында балалар мектеп кітапханасына барып, оқулықтармен танысты. Сонымен қатар, олар сынып бөлмелерінде партаға отырып, тақтаға жазу жазып көрді және сергіту сәттерін өткізді.