
Мектебімізде Даналық мектебі қарқынды жұмыс атқаруда. Даналық мектебінің «Асыл әжелер» клубы әр тоқсан сайын қалалық «Асыл мұра» әжелер клубымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен тәрбиелік іс-шаралар жүйелі түрде өткізілуде. Аталған жұмыстар оқушыларға ұлттық тәрбие беру, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылуда.Даналық клубы – мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын рухани-адамгершілік бағыттағы қоғамдық бірлестік.

