3 «А» сыныбында «Буллинг, кибербуллинг және лудомания» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның алдын алу жолдарын көрсету. Достық, өзара сыйластық, бір-біріне көмек көрсету сияқты құндылықтарды қалыптастыру. Мейірімділік пен достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.Түсіндірме кезеңі: Мұғалім буллингтің не екенін, оның қандай жағымсыз салдары болатынын түсіндірді. Қарапайым мысалдар келтіріп, балаларға мейірімділік пен сыйластықтың маңызын көрсетілді. «Досымның жақсы қасиеті» ойынында әр бала қасындағы сыныптасына мақтау сөз айтып өтті. Нәтижесінде оқушылар буллингтің зиянын түсінді. Достық пен сыйластық қарым-қатынастың негізі екенін ұғынды. Қиын жағдайда бір-біріне көмек көрсетуге және мейірімді болуға бейімделді.сынып жетекші: Алимханова К.Е.